2 маусымда оқу жылының аяқталуына арналған кәсіби корпоративтік кеш өтті!
Осы оқу жылында ұжымымыздың жетістігі мен дамуына барлық мұғалімдер мен қызметкерлер үлкен үлес қосты. Әрқайсыларыңызға табысты еңбектеріңіз бен адалдықтарыңыз үшін шын жүректен алғысымызды білдіреміз! Осының ешқайсысы сізсіз, біздің қымбатты білікті ұстаздарымыз бен өз ісіне берілген қызметкерлерсіз мүмкін болмас еді.
Іс-шара қуанышқа және достыққа толы болды. Сіздерге шынайы күлкі мен жағымды эмоциялар тудыратын шара, жаңа ұмытылмас естеліктер, достарыңызбен және әріптестеріңізбен бірге тамаша уақыт сыйлай алдық деп ойлаймыз! Біздің кәсіподақтың корпоративтік іс-шарасына қатысқаныңыз және белсенділік танытқаныңыз үшін алғыс білдіреміз! Біз осындай тамаша ұстаздар мен қызметкерлердің барын мақтан тұтамыз. Құрметпен, ЛОРД лицейінің кәсіподақ комитеті !