26 мамырда лицейде шығармашылық, дарынды, талантты, бастамашыл оқушыларды анықтауға және қолдауға бағытталған "Жыл Лицейісі-2023" байқауы өтті. Конкурсқа 1-сыныптан 11-сыныпқа дейінгі 33 лицей оқушысы қатысты. Бұл іс–шараны өткізуден күтілетін нәтижесі-бәсекеге қабілеттілік пен көшбасшылыққа ұмтылатын, өз қызметін бағалай алатын, зияткерлік, зерттеу және шығармашыл үздік оқушыларды анықтау. Байқау жеңімпаздары дәстүрлі түрде оқу жылының соңында өтетін жыл сайынғы жалпы лицейлік "Дарындылар және таланттылар слеті" іс-шарасында жарияланады.