15 мамыр-Халықаралық Отбасы күні. Бұл күні лицейде отбасылық құндылықтар тақырыбында сынып сағаттары өтті. Лицейдің өзін-өзі басқару комитеттері "Менің отбасымның күлкісі" және "Отбасына қоңырау шалу" челлендждерін өткізді. Күнделікті өмірде біз отбасымызға кейде өз сезімдеріміз білдіруге
және уақытымызды бөле алмай жатамыз. Бүгінгі күн жақындарыңызға жылулық пен көңіл бөлудің тамаша себебі болды. Лицей оқушылары мен олардың ата-аналарын, ұстаздар мен қызметкерлерді атаулы мерекемен құттықтаймыз.
Отбасыларыңызға амандық, өзара түсіністік тілейміз!
https://www.instagram.com/p/CsRJyMytruC/?utm_source=ig_web_copy_link&igshid=MzRlODBiNWFlZA==