Лицейде қоғамдық ғылымдар онкүндігі жалғасуда. 10-11 сынып оқушылары арасында "Жібек жолы" зияткерлік ойыны өтті. Бұл үлкен үзілістерде оқушылар үшін жақсы сергіту сәті болды. Ойын Қазақстан тарихы пәнінен өткен материалды қайталауға көмектесті. Бұл ерекше ойынның авторы, "Зерде" шығармашылық жобасының жеңімпазы - Артур Гиричев.