Демалыс күндері Астана қаласында Елбасы академиясы "Еl Umiti CUP" атты дәстүрлі ұлттық мектеп гранд-турнирі өтті.
Еліміздің барлық өңірлерінен 330 қатысуға өтінім берілген, олардың ішінен 56 команда іріктелді. Жас пікірсайысшылар еліміздегі өзекті мәселелерді талқылап, сыни ойлау мен шешендік өнерлерін көрсетті. ЛОРД лейінің 10 сынып оқушылары Адамян Маретта мен Басубаева Айдана Солтүстік Қазақстан облысы делегациясының құрамында болды. Оқушылар барлық 5 іріктеу раундтарын лайықты орындап, жоғары нәтижелер көрсетіп, еліміздің ең мықты пікірсайысшылары атанды.