29 қарашада Астана қаласындағы Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясының "Шаңырақ" этножурналистика саласы бойынша республикалық шығармашылық байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті.
Байқауға республикалық, аймақтық және этникалық БАҚ өкілдері қатысты.
Конкурстық комиссияның қабылдаған шешімі бойынша, Солтүстік Қазақстан облысы ҚХА "Юниор секторы" журналистер клубының мүшесі, ЛОРД лицейінің 6-сынып оқушысы Арыстан Оразаев арнайы сыйлықпен марапатталды.
