"Бала құқы – адам құқығы" республикалық онкүндігі аясында ЛОРД лицейінде "Қатыгездіксіз және зорлық-зомбылықсыз балалық шақ" треспубликалық ақпараттық кампания өтуде. Осы онкүндікте лицейдің әлеуметтік педагогы оқушылар, педагогикалық ұжым және мектеп қызметкерлерімен іс-шаралар өткізді.
1-сынып ата-аналары үшін "Қатыгездікке жол жоқ. Бір-бірімізді түсінуді үйренеміз" тақырыбында жиналыс өттті. Бұл жиналыстың мақсаты ата-аналардың бала алдында өз әрекеттері үшін жауапкершілік сезімін қалыптастыруға көмектесу; ата-аналар мен балалар арасындағы қарым-қатынастың маңыздылығын ашу болды.
Мектептің педагогикалық кеңесінде "Педагог қызметкерлер мен мектеп қызметкерлерінің құқық қорғау органдарына балаларға қатыгездік көрсету фактілері туралы жедел өтініші туралы" нұсқаулық өткізілді.
Оқушылармен "Бір - біріне құрметпен қарау", "Толеранттылық-бейбітшілікке жеткізер жол" тақырыбында кездесу өткізілді.