19 желтоқсанда кәсіптік бағдар беру жұмысы аясында 9-сынып оқушылары Жұмағали Тлеулин атындағы Солтүстік Қазақстан жоғары медициналық колледжінің және Жоғары құрылыс-экономикалық колледждің өкілдерімен кездесу өткізді.
Кездесу барысында оқушылар аталған оқу орындарының қызметі туралы мәлімет алып, тоғызыншы сыныпты аяқтағаннан кейін түсуге болатын мамандықтар тізімімен танысты, сондай-ақ оқу мерзімі мен студенттердің жатақханада тұру жағдайлары жөнінде ақпарат алды.
Іс-шара соңында оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойды. Кездесу жылы әрі жайлы ортада өтті.


