RUB 0.00
USD 0.00
EUR 0.00
oC

“ЛОРД дарынды балалар үшін мамандандырылған облыстық мектеп-лицей-интернаты” КММ сайтына қош келдіңіздер

6 желтоқсан күні ЛОРД лицейінде «Отбасы мен мектеп: сапалы білім мен тәрбие үшін бірлескен әрекеттер» тақырыбында сыныптардың ата-аналар комитеттері төрағаларымен жалпы лицейлік жиналыс өтті.
Жиналысқа тамақтану сапасын бақылау комиссиясының мүшелері, LORD Ата-аналар қайырымдылық қорының құрылтайшылары, сондай-ақ лицейдің Қамқоршылық кеңесінің мүшелері қатысты.
Кездесу барысында келесі мәселелер қарастырылды:
💠 I жартыжылдықтағы оқу-тәрбие процесінің нәтижелері;
💠Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығының жұмысы;
💠 Мектептегі тамақтануды ұйымдастыру және жүргізілген мониторингтің нәтижелері;
💠 LORD Ата-аналар қайырымдылық қорының қызметі.
Қатысушылар отбасы мен мектеп ынтымақтастығының маңызды бағыттарын талқылап, оқу мен тәрбиелеу жағдайларын жақсарту бойынша ұсыныстармен алмасты. Жиналыс балаларымызға сапалы білім берудегі мектеп пен ата-аналар серіктестігінің маңыздылығын айқындайтын жылы және жайлы ортада өтті.