RUB 0.00
USD 0.00
EUR 0.00
oC

“ЛОРД дарынды балалар үшін мамандандырылған облыстық мектеп-лицей-интернаты” КММ сайтына қош келдіңіздер

Кәсіптік бағдар беру жұмысы аясында 11-сынып оқушылары Анадолу университетінің (Түркия) профессоры Семра Гюнаймен сонымен қатар «География және экология» кафедрасының профессоры С.В.Пашковпен кездесті.
Семра Гюнай туристік ресурстарды, географияны, экологияны және тұрақты даму мәселелерін зерттеу саласындағы танымал маман болып табылады.
Профессор түлектерді Түркияның басты студенттік қалаларының бірі - Эскишехир университеттерімен таныстырды. Ол университет кампустары, студенттік орта және оқу артықшылықтары туралы айтып, шетелдік студенттерді қабылдау талаптарын түсіндірді: емтихандар тапсыру (мысалы, SAT), түрік немесе ағылшын тілдерін білу және аттестаттың жақсы орташа балы.
Аудармашы ретінде ағылшын тілі бойынша облыстық және республикалық олимпиадалардың жүлдегері, 11-сынып оқушысы Ким Жидилов қатысты.
Кездесу жылы әрі жайлы ортада өтті, жоғары сынып оқушылары Түркияда білім алу мүмкіндіктері мен студенттік өмір туралы көптеген сұрақтар қойды.