RUB 0.00
USD 0.00
EUR 0.00
oC

“ЛОРД дарынды балалар үшін мамандандырылған облыстық мектеп-лицей-интернаты” КММ сайтына қош келдіңіздер

Жаров Алихан (11а), Хамидулин Эмиль (11а), Амелин Ильядан (10 а) құрылған ЛОРД лицейі командасын «Білімдегі инновациялар» халықаралық STEM-олимпиадасы аясында өткен 2025 Роботтар шайқасында 1-орын иеленуімен құттықтаймыз!
Олимпиада Астана қаласында өтіп, Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Ресей, Түркия, Үндістан және Моңғолиядан келген 250-ден астам қатысушыны бір алаңға жинады. Үш күн бойы оқушылар робототехника, бағдарламалау, инженерия және 3D-модельдеу бағыттары бойынша өз жобаларын таныстырды. Қатысушылардың жұмыстарын халықаралық сарапшылар – инженерлер, бағдарламашылар және әлемдік технологиялық чемпионаттардың жеңімпаздары бағалады.
STEM бағыты бойынша тәлімгерлерге арналған жеке кәсіби олимпиадада 1-орын алған лицей мұғалімі К.И.Симчераны да шын жүректен құттықтаймыз!