Біздің лицейіміздің оқушылары мен олардың жетекшілерін Облыстық ғылыми жобалар байқауындағы тамаша жеңістерімен шын жүректен құттықтаймыз! 12 қараша күні Оқушылар сарайында «Қоғамдық-гуманитарлық ғылымдар» бағыты бойынша жас зерттеушілер тамаша нәтижелер көрсетті:
Бусурманова Диана - қазақ тілі пәні бойынша II орын (жетекшісі — С.С.Махмутова)
Жидилов Ким— ағылшын тілі пәні бойынша III орын (жетекшісі — Г.С.Тобылбаева)
Сондай-ақ Қазақстан тарихы бойынша жоба ұсынған 9Б сынып оқушысы Жакен Айдынға байқауға қатысқаны үшін жеке алғыс білдіреміз (жетекшісі - В.В.Бородай).
Біз талантты оқушыларымыз бен олардың жетекшілерімен мақтанамыз!
Сіздердің еңбектеріңіз, табандылықтарыңыз және білімге деген құштарлықтарыңыз - болашақ жетістіктердің кепілі.
Мұнымен тоқтап қалмауларыңызды тілейміз!

