ЛОРД лицейінде бірінші тоқсанда «Оқитын мектеп» жобасын жүзеге асыру жұмысы жалғасты. Лицейіміздің оқушылары тек көркем әдебиетті ғана емес, сонымен қатар оқу үшін пайдалы анықтамалықтар мен энциклопедияларды оқыды, қазақ және ағылшын тіліндегі сөздіктерді белсенді қолданды.
Екінші тоқсан қазақ тілінде оқуға арналған! Балаларды сөздік қорын кеңейтуге және туған тілдің мәдениеті мен байлығын тереңірек түсінуге көмектесетін қызықты шығармалар күтеді.
