Бүгін, 24 қазан күні, Республика күні қарсаңында Қазақстанның астанасында “Үздік педагог- 2025” ұстаздардың ең маңызды кәсіби байқауының салтанатты қорытындысы өтті. Республикалық кезеңнің 64 жеңімпазының қатарында біздің педагог, биология пәнінің мұғалімі, педагог-зерттеуші Степанова Ольга Николаевна жеңімпаз атанғанын мақтанышпен хабарлаймыз. ЛОРД лицейінің педагогтері бесінші рет осындай үлкен жеңіске қол жеткізіп отыр.
Жеңісіңізбен шын жүректен құттықтаймыз, шығармашылық табыс тілейміз!


