RUB 0.00
USD 0.00
EUR 0.00
oC

“ЛОРД дарынды балалар үшін мамандандырылған облыстық мектеп-лицей-интернаты” КММ сайтына қош келдіңіздер

Республика күні қарсаңында ЛОРД лицейінің химия, биология және география пәндері мұғалімдерінің әдістемелік бірлестігі 10-11 сыныптар арасында «Ұлы Даланың маржаны» атты жаратылыстану бағыты бойынша квиз өткізді. Ойын 6 санаттағы сұрақтардан тұрды: «Қазақстанның қорғауында», «Қазақстанның жануарлар әлемі», «Ұлы Даланың химиясы», «Қазақтардың тұрмысы мен дәстүріндегі химия», «Қазақстанның қалалары мен өңірлері», «Қазақстанның географиялық рекордтары».
Командалар арасындағы орындар келесідей бөлінді:
3 орын - 10Б сынып командасы;
2 орын - 11Б сынып командасы;
1 орын - 10А сынып командасы.