16 қазан күні 3-сыныпта Дүниежүзілік нан күніне арналған танымдық іс-шара өтті.
Іс-шара барысында оқушылар нанның егілу және дайындалу тарихымен танысып, көне тәсілдер мен заманауи технологияларды салыстырды. Балалар «блокадалық нан» туралы, оның неден жасалғанын біліп, нанның адам өміріндегі маңыздылығы жөнінде ой бөлісті.
Оқушылар алдын ала дайындаған баяндамаларында қандай нанның ең пайдалы екенін айтып, ең дәмді ашытқылы нанның рецептімен бөлісті.
Ата-аналардың қолдауының арқасында әр бала 7 түрлі нанның дәмін татып, олардың ерекшеліктерімен танысты.