LORD дебат клубының жұмысы аясында Республика күніне арналған «Суверенитет-ұлт болашағы» атты ойын сабағы өтті. Қатысушылар өздерінің тамаша пікірталас дағдыларын, сыни ойлау қабілеттерін және көпшілік алдында сенімді сөйлеу шеберліктерін көрсетті.
Ойын нәтижелері:
🥇Бірінші ойында жеңісті 7А сыныбының командасы - Иксанов Радмир пен Дудов Матвей иеленді.
🥇 Екінші ойында бірінші орынды 10А сыныбының командасы - Имамутдинова Камила мен Капитонова Дарья жеңіп алды.
🥈Екінші орын - Сүлейменова Амина мен Серікова Томириске бұйырды.
🥉Үшінші орын - Қарамендинова Камила мен Маратова Данелия.
Төртінші орын - Петухов Глеб пен Иксанов Радмирге берілді.
Барлық қатысушылар мен жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймыз! Әрбір сөз, әрбір пікірталас - дебат мәдениетін, көшбасшылық қасиеттерді және азаматтық жауапкершілікті дамытуға зор үлес қосты.