Тілдік пәндер онкүндігі аясында лицейде 5–11 сынып оқушыларының қатысуымен «Күн сөзі» атты фото және бейнероликтер шығармашылық байқауы өтті.
Оқушылардың міндеті – орыс тіліндегі қызықты әрі сирек кездесетін сөзді фотосурет, қысқа бейне,көрініс, анимация немесе көркем композиция арқылы шығармашылықпен таныстыру болды. Байқау мазмұнды да жарқын өтті: қатысушылар сөздік қорының байлығымен, тың идеяларымен және тілге деген шынайы сүйіспеншілігімен таңғалдырды.
«Күн сөзі» байқауы өзін көрсетуге, сөздік қорды кеңейтуге және орыс тілінің әдемі әрі сан қырлы екеніне тағы бір мәрте көз жеткізуге тамаша мүмкіндік болды.