RUB 0.00
USD 0.00
EUR 0.00
oC

«Дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернаты ЛОРД» КММ сайтына қош келдіңіздер

Лицейімізде Гарри Поттердің әдеби әлеміне арналған қызықты Сиқырлы квиз өтті. Зияткерлік сайысқа 8-сынып оқушылары қатысып, бір күнге Хогвартс атмосферасына енгендей әсер алды.
Оқушылар Дж. К. Роулингтің кітаптарынан жақсы таныс кейіпкерлер, сиқырлы тылсым сөздер, жаратылыстар мен оқиғалар туралы сұрақтарға үлкен қызығушылықпен жауап берді. Қызықты айналымдар, тосын тапсырмалар мен командалық рух квизді шын мәнінде есте қаларлықтай жарқын оқиғаға айналдырды.
Жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймыз, ал барлық қатысушыларға белсенділіктері, ұйымшылдықтары және кітап оқуға деген сүйіспеншіліктері үшін алғысымызды білдіреміз!