12 қыркүйек күні ЛОРД лицейінде Тілдер онкүндігі аясында 9-сынып оқушылары арасында Spelling bee тілдік турнирі өтті. Бұл байқаудың дәстүрлі халықаралық нұсқадан ерекшелігі – екі тілде өткізілуінде болды. Қазақ тілі мен ағылшын тілі пәні мұғалімдері оқушыларға екі турдан тұратын тапсырмалар дайындады.
1-турда оқушылар сөздерді әріптеп, дұрыс жазылуын сақтай отырып айтуы тиіс болды.
2-турда оларға екі мәтіннен 10 орфографиялық қатені табу тапсырылды.
Жаңа тәжірибе лицеистер үшін қызықты болып, көптеген жағымды әсер қалдырды. Бұл сайыс алдағы уақытта ЛОРД оқушыларының дәстүріне айналып, көпшілік сүйіспеншілігіне ие болары сөзсіз. Ал әзірге балалар қазақ – ұлттық, ағылшын – халықаралық екі маңызды тілді меңгеруге деген қызығушылығы мен табандылығы үшін грамоталар мен алғыс хаттарға ие болды.