ЛОРД лицейінің орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Ю. А. Плескацевич 2025 жылдың 1-7 қыркүйегі аралығында Санкт-Петербург қаласында үшінші рет ұйымдастырылған «Наши библиотеки: читать по-русски» кәсіби даму бағдарламасынының қатысушысы болды.
Бағдарлама Санкт-Петербург қаласының Сыртқы байланыстар комитетінің бастамасымен жүзеге асырылды және В. В. Маяковский атындағы қалалық орталық кітапханасында өтті. Бұл бағдарламаға Қазақстан өкілінің қатысуы Астанадағы Орыс үйінің қолдауының арқасында мүмкін болды.
ТМД-ның бірнеше елінен және Моңғолиядан келген 25 делегат дәрістер мен практикалық сабақтарға қатысып, қаланың үздік кітапханаларымен танысты.