Еліміздің Конституциясының 30 жылдығы қарсаңында Қазақстан Республикасының Конституциялық соты, Оқу-ағарту министрлігі және БҰҰ Балалар қорының өкілдігі бірлесіп «Балалардың шығармашылығында – Конституция» атты Республикалық сурет байқауын өткізді. Бұл байқауда ерекше марапатқа – Конституцияның 30 жылдығына арналған естелік мерейтойлық монетаға және Алғыс хатқа лицейіміздің 8 «а» сынып оқушысы – Илдырымлы Бану ие болды. Сонымен қатар, лицейдің 9 «а» сынып оқушылары Есимов Саян мен Хлыстунов Алексейдің шығармашылық жұмыстары «қатысушы сертификаттарымен» марапатталды.
Біз талантты шәкірттерімізбен мақтанамыз! Алда әлі де көптеген жеңістер мен жарқын шығармашылық жетістіктер болсын!