Биылғы оқу жылында лицейді 30 оқушы бітірді. Оның ішінде 18 түлек мемлекеттік білім грантының иегері атанды, бұл оларға Қазақстанның жетекші жоғары оқу орындарында білім алуға мүмкіндік береді:
С.Д.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті (Әлижан Абылай), Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті (Журавлев Алексей, Нұрпейісов Самат, Ваховская Любовь, Подлужный Илья), Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті (Шакирова Розалия, Амангелді Досмадияр), Нархоз университеті (Өмірбай Лаура, Омарова Махаббат, Сүлейменова Назгуль), Қожа-Ахмет Яссауи атындағы Қазақ-түрік университеті (Ешманов Арыстанбаба), Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті (Зыков Роман, Иксанов Хасан, Трункин Егор), Астана IT-университеті (Әлижан Әмір, Жамбаев Алихан), М. Қозыбаев атындағы СҚУ (Юсичева Мария), Астана халықаралық университеті (Дарья Желобкович).
Қаскен Райымбек қабылдау емтихандарын сәтті тапсырып, Назарбаев университетіне оқуға түсті.
Сонымен қатар, студенттер білімдерін Словакия, Ресей, Қытай және АҚШ сияқты басқа елдерде жалғастырады.
Түлектерімізге оқуда табыс, мүмкіндіктерін толық ашып, алға қойған мақсаттарына жетулеріне тілектеспіз!