RUB 0.00
USD 0.00
EUR 0.00
oC

«Дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернаты ЛОРД» КММ сайтына қош келдіңіздер

Бүгін Ақордада Қазақстан Республикасының Президенті халықаралық пәндік олимпиадалардың лауреаттарымен кездесті.
Салтанатты іс-шараға 24 оқушы қатысты: 4 алтын, 11 күміс және 9 қола медаль иегерлері. Олар химия, математика, физика, география, информатика және биология пәндері бойынша білімдерін әлемдік деңгейде дәлелдеп, Қазақстанның атын асқақтатты.
Мемлекет басшысы әрбір жетістіктің табандылық пен тынымсыз еңбектің жемісі екенін атап өтті:
«Дарын – бақ, бірақ еңбексіз дарын – табысқа жеткізбейді. Әр жеңіс – табанды дайындық пен ізденістің, маңдай тердің нәтижесі».
Қазақстандық оқушылардың жетістіктері – жас ұрпаққа шабыт беретін жарқын үлгі.