RUB 0.00
USD 0.00
EUR 0.00
oC

«Дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернаты ЛОРД» КММ сайтына қош келдіңіздер

Мақтанышпен хабарлаймыз: ЛОРД лицейі еліміздің “Үздік 100 олимпиадалық мектебі” қатарына еніп, құрметті 48-орынды иеленді!
Бұл нәтиже - дарынды оқушылардың табанды еңбегінің, ұстаздарымыздың кәсіби шеберлігінің, сондай-ақ әкімшілік пен ата-аналардың жанашыр қолдауының жемісі. Олимпиадаларға қатысу мен жеңіс - бұл тек жоғары дайындық деңгейінің көрсеткіші ғана емес, сонымен қатар білімге деген құштарлықтың, табандылық пен жауапкершіліктің айғағы. Лицей ұжымын осы маңызды жетістікпен шын жүректен құттықтаймыз!
Лицей оқушыларына шынайы демалыс, жарқын әсерлер мен қуанышқа толы жаз тілейміз! Жаз мезгілі сіздерге сергектік, көтеріңкі көңіл-күй және жаңа шабыт сыйласын. Жаңа оқу жылында кездескенше - тың серпінмен, шабытпен және жаңа білім мен биіктерді бағындыруға дайын болайық!