Экологиялық мәдениетті қалыптастыру мақсатында ЛОРД лицейінде бастауыш мектеп түлектері – 4-сынып оқушыларының қатысуымен «Мектепке гүлдер» атты экологиялық акция өтті. Оқушылар лицей аумағына гүл отырғызып, табиғатқа деген қамқорлықтарын, жауапкершіліктерін және сүйіспеншіліктерін көрсетті.
Бұл акция мектепті абаттандыру мен көгалдандыру ісінде оқушыларды, ата-аналарды және мұғалімдерді біріктіретін игі дәстүрге айналды. Бастауыш мектеп түлектерінің қолымен жасалған гүлзарлар көздің жауын алып, табиғатты бала кезден бастап қорғаудың маңыздылығын еске салып тұратын болады.