22 мамырда лицейде салтанатты және мерекелік іс-шара – «Дарынды және талантты оқушылар слеті» өтті. Слеттің құрметті қатысушылары қатарында – облыстық және республикалық деңгейдегі олимпиадалар мен ғылыми жобалар байқауларының жеңімпаздары мен жүлдегерлері болып табылатын 71 оқушы; спорт, музыка, зияткерлік және шығармашылық бағыттарда марапаттар мен медальдарға ие болған 99 талантты және дарынды лицеист бар.
Слет барысында «Жыл лицеисі» байқауының жеңімпаздары аталды: Есенай Алуа (3-сынып), Микотин Тимофей (5б сынып), Суслов Эльдар (7б сынып), Жаров Алихан (10а сынып), Амангельды Досмадияр (11б сынып).
«Bonus LORD» бағдарламасының жеңімпаздары ретінде келесі сыныптар танылды: 2-сынып, 6а сынып, 8в сынып, 11б сынып.
Оқу жылының лицейішілік спартакиадасының жеңімпазы – 4-сынып оқушылары болды.
«Жыл оқырманы» номинациясы бойынша танылған оқушылар: Сытникова М., Микотин Т., Касенова Т., Морозов Г., Дулатов А., Шишканов М., Сауков А., Евтушенко А., Жолтабаров Р., Бондаренко К., Махмет М., Маратова Д., Фоменко К., Фоминых И., Бусурманова Д., Кузнецова К., Желабкович Д., Ералы К., Павлик Е.
Республикалық деңгейдегі жүлдегерлердің ата-аналарына алғыс хаттар табыс етілді.
Барлық оқушыларды, мұғалімдер мен ата-аналарды оқу жылының сәтті аяқталуымен құттықтаймыз!