«Ата-ананың жұмысындағы бір күн» жобасы оқушыларға ата-анасының мамандығымен жақынырақ танысуға ғана емес, сонымен қатар әртүрлі кәсіби қызмет түрлеріне құрметпен қарауды қалыптастыруға және болашақ мамандықты таңдауға ой салуға мүмкіндік береді. Мұндай тәжірибе балалардың көзқарасын кеңейтіп қана қоймай, отбасы мен мектеп арасындағы байланысты нығайтып, оқу үдерісін саналы әрі өмірмен байланысты етеді.
22 мамыр күні 4-сынып оқушыларының ата-аналары Петропавл қаласындағы Локомотив депосына балаларға арналған экскурсия ұйымдастырды. Балалар мамандардың жұмысын үлкен қызығушылықпен бақылап, теміржол құрамдарының қалай жұмыс істейтінін, көлік саласында қандай мамандықтар сұранысқа ие екенін және осындай маңызды да жауапты салада жұмыс істеу үшін қандай қасиеттер қажет екенін білді.
Жобаға белсенді қатысып, қолдау көрсеткен ата-аналарға алғыс айтамыз!