Оқушылардың саналы мақсаттар мен болашаққа жоспар құра білуін, өз білімдері мен әрекеттерін ел дамуына қосқан үлес ретінде бағалау қабілетін қалыптастыру мақсатында ЛОРД лицейінде 1-11 сыныптар арасында эссе байқауы өтті. Байқау келесі тақырыптар бойынша ұйымдастырылды:
1-4 сыныптар — «Таза Қазақстан»,
5-9 сыныптар — «Заң және тәртіп»,
10-11 сыныптар — «Адал азамат».
Байқау нәтижелері 23 мамыр күні өтетін «Білімім – Отаныма» атты бірыңғай сынып сағатында жарияланатын болады.