Республикалық «Жасыл мекен» жобасы аясында ЛОРД лицейінің 11-сынып оқушылары дәстүрлі «Түлектердің раушан гүлдер аллеясы» акциясына қатысты. Іс-шараның мақсаты — экологиялық мәдениетті қалыптастыру, табиғат пен қоршаған ортаға ұқыпты қарауға баулу, сондай-ақ лицейдің жақсы дәстүрлерін сақтау және түлектерге арналған символдық естелік жасау.
Оқушылар раушан гүлінің көшеттерін үлкен ынтамен отырғызып, бұл іске тек еңбектерін ғана емес, жүрек жылуын да қосты. Бұл раушан гүлдері біздің түлектердің үмітімен, армандарымен және жарқын болашағымен бірге гүлдене берсін!