12-15 мамыр аралығында Астанада 7-8 сынып оқушылары арасында GeoStar ұлттық географиялық олимпиадасының республикалық кезеңі өтті. Олимпиада тапсырмалары оқушылардың білімін жан-жақты бағалауға мүмкіндік берді. Балалар тест сұрақтарына жауап беріп, жазбаша тапсырмаларды орындап, ашық ауада экскурсияда картографиялық дағдыларын көрсетті. Олимпиадаға ЛОРД мектеп-лицейінің үш оқушысы қатысып, төмендегідей нәтиже көрсетті:
🥈Батенко Тимур - 2 орын (7 сынып);
🥈Суслов Эльдар - 2 орын (7 сынып);
🥈Захар Шпанов - 2 орын (8 сынып).
Лицеистер халықаралық чемпионатқа жолдама алу үшін ағылшын тіліндегі іріктеу кезеңіне де қатысты. Олимпиада жүлдегерлерін жеңістерімен құттықтап, алдағы Жасөспірімдер олимпиадасының республикалық кезеңіне сәттілік тілейміз!