RUB 0.00
USD 0.00
EUR 0.00
oC

«Дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернаты ЛОРД» КММ сайтына қош келдіңіздер

Жаратылыстану ғылымдары апталығы аясында 5–7-сынып оқушылары 10 команда құрамында интеллектуалдық Quizarium ойынына қатысты. Қатысушылар мектеп бағдарламасынан тыс білімдерін, ой-өрісін, кітапқа қызығушылықтарын, логикасын және командамен жұмыс істеу дағдыларын тексеретін қызықты мәтіндік және музыкалық сұрақтарға жауап берді.

Байқау нәтижелері:
🥇 «Ақылдан бақытқа» – 1 орын (7а)
🥇 «Инфузория» – 1 орын (6б)
🥇 «Сусликтер» – 1 орын (7б)
🥈 «Жабайы суырлар» – 2 орын (7б)
🥉 «Бес иірім» – 3 орын (7а)
🥉 «Мейірімділер» – 3 орын (6а)

Айта кетерлік жайт, бұл ойын толықтай жаратылыстану ғылымдары бірлестігінің мұғалімдері жетекшілігімен 11Б сынып оқушыларының ұйымдастыруымен өтті. Бұл мектеп оқушылары арасында зияткерлік ойындарға деген жоғары қызығушылықтың айғағы.