Жеңістің 80 жылдығын мерекелеу аясында «Математика, информатика, физика» әдістемелік бірлестігінің мұғалімдері «Жеңіс сандары» атты интерактивті викторина ұйымдастырды.
Викторинаның мақсаты – интерактивті форматта оқушылардың Ұлы Отан соғысының маңызды оқиғалары мен қаһармандары туралы білімін тереңдету, Қазақстанның, әсіресе Солтүстік Қазақстан облысы мен Петропавл қаласының 1945 жылдағы Ұлы Жеңіске қосқан үлесін қарастыру, сондай-ақ математикалық есептер шығару дағдыларын дамыту.
Викторина сұрақтары нақты сандар арқылы Жеңістің құндылығын көрсетіп, фашизмді жеңудегі Қазақстанның рөлі мен үлесін еске салуға мүмкіндік берді.