RUB 0.00
USD 0.00
EUR 0.00
oC

«Дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернаты ЛОРД» КММ сайтына қош келдіңіздер

2024 жылғы 17 сәуірде лицейімізде “Химия және өмір” атты қызықты химиялық квест өтті. Әр кезең – оқушылар үшін нағыз сынақ болды: олар өздерінің эрудициясы, тапқырлығы мен химия саласындағы білімдерін қолданып, жұмбақтар мен тәжірибелерге толы қызықты әлемге енді.
Зияткерлік сайысқа 9А, 9Б және 10Б сыныптарының командалары қатысты. Қатысушылар химиялық есептерді шешіп, қызықты тәжірибелер жүргізіп, өздерінің ғылыми қабілеттерінің деңгейі жоғары екенін көрсетті. Сайыс тек достық бәсекеде ғана емес, сонымен қатар командалық рухта өтті!
10Б сыныбының командасын жеңісімен шын жүректен құттықтаймыз!
Бұл квест химияның тек формулалар ғана емес, шығармашылық пен жаңалықтарға толы шексіз әлем екенін тағы бір дәлелдеді!