Кәсіптік бағдар беру жұмыстарының жоспарына сәйкес, 2025 жылғы 5 наурызда «ЛОРД дарынды балалар үшін мамандандырылған облыстық мектеп-лицей-интернаты» оқушылары үшін Петропавл қаласының №1 ТЖБ мамандандырылған өрт сөндіру бөліміне (СПЧ-1) экскурсия ұйымдастырылды.
Оқушылар өрт сөндіру бөлімінің музейінде және депосында болып, караулдық бөлмемен, кезекші диспетчерлік қызметпен, сондай-ақ нағыз өрт сөндіру техникасы орналасқан гаражбен танысты. Экскурсияны азаматтық қорғау капитаны, СПЧ-1 УЧС-тің аға инженері Құрманғужин Е.Ж. жүргізді. Ол мұражайда әр жылдары төтенше жағдайларда құтқарушыларға көмектескен жабдықтар мен құрал-саймандарды көрсетті.
Өрт сөндіру депосындағы өрттехникасының арсеналымен оқушыларды азаматтық қорғау старшинасы, бөлімше командирі Ердәулетов О.Ж. таныстырды: өрт сөндіру техникасының бөлшектерін көрсетіп, әрбір механизмнің құрылымы мен жұмыс істеу принципін түсіндірді.
Экскурсия барысында азаматтық қорғау офицерлері балалардың:
– өрт сөндіру көлігі қаншалықты жиі шығады,
– өрт сөндіруші болу үшін қандай қасиеттер қажет,
– өрт сөндірушінің киім-кешегі қанша тұрады
деген сияқты сұрақтарына жауап берді.
Басты назар аударғаны – өрт сөндіруші болу тек мамандық қана емес, бұл – миссия, шақыру. Тәуліктің кез келген уақытында көмекке келуге дайын болу – нағыз ерлік.
Нағыз қаһармандарға – күн сайын ондаған өмірді құтқаратын жандарға жасаған экскурсия балалардың жүрегінде ерекше әсер қалдырды. Сонымен қатар, өрт қауіпсіздігі ережелері бойынша білім деңгейі артып, бұл алдағы уақытта түрлі оқиғалардың алдын алуға көмектеседі.