RUB 0.00
USD 0.00
EUR 0.00
oC

«Дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернаты ЛОРД» КММ сайтына қош келдіңіздер

2025 жылғы 10 сәуірде «ЛОРД дарынды балалар үшін мамандандырылған облыстық мектеп-лицей-интернатының 11-сынып оқушылары М.Қозыбаев атындағы СҚУ-дың медициналық факультетінде экскурсияда болды.
«Клиникалық пәндер» кафедрасының доценті Мурзабаева Мадина Далбайқызы студенттер білім алатын аудиторияларды, сондай-ақ практикалық сабақтар өтетін зертханалық кабинеттерді таныстырды. Университеттегі оқу үдерісі, жалпы практика дәрігері мамандығы туралы кеңінен әңгімеледі. Оқушылар қызығушылықпен тыңдап, медицина саласы, шетелде оқу мен тәжірибеден өту мүмкіндіктері туралы сұрақтар қойды. Кейбір оқушылар кардиология кабинетінде манекен арқылы диагностика жасау тәжірибесін байқап көрді. Жедел жәрдем, акушерлік және гинекология кабинеттерімен танысты.
Экскурсия соңында оқушыларға ҰБТ-ны сәтті тапсыруға тілектестік білдіріп, медициналық факультетке оқуға түсуге шақырды.