9 сәуір күні ЛОРД лицейінде 4-5 сынып оқушыларының ата-аналарына арналған ашық есік күні өтті. Бұл шара лицейдің болашақ оқушыларын және олардың ата-аналарын оқу орнымызбен жақынырақ таныстыру мақсатында ұйымдастырылды. Ашық есік күндері білім беру мекемесімен жақын танысуға ғана емес, сонымен қатар оқу жағдайын өз көзімен көріп, білім беру үдерісі туралы барлық сұрақтарға жауап алуға мүмкіндік береді. Іс-шара барысында ата-аналар 12 сәуір – Ғылым күніне орай ұйымдастырылған балалар шығармашылығы көрмесін тамашалады. Сондай-ақ, олар лицейдің педагогикалық құрамы, оқу және тәрбие үдерісінің ерекшеліктері, бейінді оқыту жүйесі туралы презентацияларды тыңдады. Бұдан бөлек, қатысушылар зерттеу жұмыстары мен ғылыми жобалармен танысып, кітапханаға, медициналық бөлімге және асханаға барды.
Мұғалімдер мен оқушылар ата-аналарға лицейдің ішкі өмірін көрсетіп, оқу орнына тән ерекше атмосфераны сезінуге көмектесті. Бұл ата-аналарға ЛОРД лицейінің олардың балалары үшін ең қолайлы білім ордасы екенін түсінуге мүмкіндік берді!