RUB 0.00
USD 0.00
EUR 0.00
oC

«Дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернаты ЛОРД» КММ сайтына қош келдіңіздер

ЛОРД лицейінде Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай «Бейбітшілік көгершіні» челленджі өтті. Жоғары сынып оқушылары бастауыш мектепке барып, кіші сыныптағы балаларға оригами техникасында көгершін жасауды үйрету арқылы челленджге бастау берді. Ақ көгершіндердің қанаттарына балалар бейбітшілік, мейірімділік, достық және бірлік туралы ең ізгі, шынайы тілектерін жазды. Әр сынып өз көгершінін келесі сыныпқа табыстап, бейбітшілік пен өзара түсіністіктің жандандырушы эстафетасын жалғастырды.
Осы игі шараға атсалысқан баршаңызға алғыс айтамыз! Әрбір қағаз көгершін жанымызда мәңгі сақталатын ұлы ерліктің белгісі болып, «бейбітшілік өзімізден басталады» деген естелік қалдырсын!