RUB 0.00
USD 0.00
EUR 0.00
oC

«Дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернаты ЛОРД» КММ сайтына қош келдіңіздер

Қазіргі цифрлық әлемде мектепте жайлы және қауіпсіз атмосфераны қамтамасыз ету ғана емес, сонымен қатар балаларды интернеттегі деструктивті контенттен қорғау да маңызды. Кезекті педагогикалық кеңесте талқылау үшін қойылған мәселелердің бірі «Қауіпсіз мектеп: буллинг пен кибербуллингтің алдын алу, оқушылардың ақпараттық мәдениетін қалыптастыру және интернеттегі деструктивті контенттен қорғау стратегиялары» тақырыбы болды.
Педагогтар жұмыстың маңызды бағыттарын талқылады, олар:
-Буллингтің ерте алдын алу – оқушылар үшін сенімді орта мен қолдау жүйесін құру.
-Кибербуллингпен күрес – мектеп оқушылары мен ата-аналарды интернетте қауіпсіз әрекет етуге үйрету.
-Ақпараттық мәдениетті дамыту – ақпаратты сыни тұрғыда бағалау, жеке деректерді қорғау дағдыларын қалыптастыру.
-Деструктивті контенттен қорғау стратегиялары.