14 наурыз – ерекше күн – Амал күні (Көрісу күні). Бұл жай ғана күнтізбедегі күн емес, ғасырлар қойнауынан жеткен көне дәстүр. Бұл мереке көктемнің келуін, табиғаттың жаңаруын және адамдар арасындағы сыйластық пен бауырмалдықты білдіреді.
Лицей оқушылары мен ұстаздары үшін Наурызнаманың алғашқы күні жылы лебіздер мен сәлемдесулерден, домбыраның күмбірлеген әуенінен, достық құшақтардан және ыстық бауырсақтан дәм татумен басталды. Оқушылар мен мұғалімдер Көрісу дәстүріне қуана қатысып, бір-біріне денсаулық, амандық, тыныштық тілеп, ізгі ниеттерін білдірді. Лицей іші шаттық пен қонақжайлылыққа толды. Алда бізді қызықты іс-шаралар, байқаулар, ұлттық ойындар күтуде.
Наурыз әр шаңыраққа бақыт, бейбітшілік пен береке әкелсін!