Жалпы білім беретін пәндері бойынша 9-11 сынып оқушылары арасындағы ғылыми жобалар конкурсыныңреспубликалық кезеңі Ақтөбе қаласында өтті.
ЛОРД лицейінің 5 оқушысы республикалық кезеңде өз ғылыми жобаларын қорғады. Конкурс халықаралық тәжірибеге сәйкес ашық көрме форматында өткізілді. Қазылар алқасы құрамына еліміздің ірі әрі беделді университеттерінің 60 жетекші ғалымы мен оқытушысы енді. Әрбір жоба бірнеше негізгі критерий бойынша бағаланды, оның ішінде ғылыми жаңалығы, зерттеу әдістемесінің негізділігі, өзектілігі және безендіру сапасы ескерілді.
Конкурс нәтижесі бойынша:
Трункин Егор (11А) жетекшісі Валеева Ж.А. 1 орын,
Шакирова Розалия (11А) жетекшісі: Мига Т.В., Горшкова Т.А. 2 орын,
Жаров Алихан (10А) жетекшісі: Яценко Е.П. 3 орын,
Зыков Р. (11А) жетекшісі: Айтжанов З.А. грамота, Александрова Т.
(9А) жетекшісі Коломиец Т.Н. қатысушы болды.
Республикада үздік нәтиже көрсеткен жеңімпазымыз бен жүлдегерлерімізге, оларды дайындаған жетекшілеріне шын жүректен алғыс білдірмеіз!