RUB 0.00
USD 0.00
EUR 0.00
oC

«Дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернаты ЛОРД» КММ сайтына қош келдіңіздер

28 ақпанда жоғары сынып оқушыларына арналған PISA халықаралық зерттеуіне дайындық аясында «Өзіне деген сенімділік – табысқа жетудің кілті» психологиялық тренингі ұйымдастырылды. PISA зерттеуіне қатысушыларға арналған психологиялық тренингтер олардың эмоционалды тұрақтылығын және тестілеуден сәтті өтуге дайындығын арттыру үшін қажет. Олар мазасыздықты азайтуға, стрессті жеңуге, өз қабілеттеріне деген сенімділікті дамытуға және позитивті көзқарасты қалыптастыруға көмектеседі.
Тренинг барысында жоғары сынып оқушылары сенімділікті дамытуға және өзін-өзі реттеу әдістерін игеруге бағытталған практикалық жаттығулар жасады.
Қатысушылар тестілеу кезінде ғана емес, одан әрі оқу мен өмірде де көмектесетін пайдалы ұсыныстар алды.