RUB 0.00
USD 0.00
EUR 0.00
oC

«Дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернаты ЛОРД» КММ сайтына қош келдіңіздер

«Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында 19 ақпанда ЛОРД лицейінде 9-11 сынып оқушылары арасында « Z ұрпақтары: қазіргі жастар не оқиды?» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Іс-шараны тәрбиеші Н.А. Фролова мен кітапхана меңгерушісі А.Г. Исмаилова ұйымдастырды.
Қатысушылар бүгінде жастар арасында қандай кітаптар кеңінен танымал екенін талқылап, классикалық және қазіргі заманғы әдебиеттерді салыстырып, ой бөлісті. Пікірталас барысында оқушылардың сүйікті кітаптарының рейтингісі жасалып,ең жақсы кітаптарды таңдауға дауыс беріп, оқушылар бір- бірімен кітап алмасты.. Дөңгелек үстел белсенді түрде өткізіліп, әдебиетке деген қызығушылықтың дамуына септігін тигізеді және балаларды одан әрі оқуға ынталандырады.