Аттестацияға дайындық барысында лицей мұғалімдері оқытудың заманауи әдістері мен тиімді педагогикалық технологияларды пайдалана отырып ашық сабақтар топтамасын өткізуде.
Мұндай сабақтардың мақсаты – мұғалімдердің кәсіби шеберлігін көрсету ғана емес, тәжірибе алмасуға, білім сапасын арттыруға және оқушыларды белсенді оқу үдерісіне тартуға жағдай жасайды.
АӘД оқытушы-ұйымдастырушысы Туйбаев С.К. 10б- сыныбында «Әскери робототехника негіздері» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Сабақ барысында оқушылар жауынгерлік роботтардың функционалдық мүмкіндіктерімен танысты және тактикалық есептерді шешу кезінде роботтар әрекетінің алгоритмдерін жасады.