6 ақпанда Лорд лицейінде жоғары сынып оқушылары СҚО бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы департаментінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет инспекторы Зайцева Светлана Николаевнамен “Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру” тақырыбы бойынша кездесу өткізді. Кездесу барысында Светлана Николаевна оқушыларға сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың түрлері, олардың салдары, сондай-ақ қоғамдағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл тетіктері туралы айтып берді. Сыбайлас жемқорлық қылмыстары үшін құқықтық жауапкершілік және адал, әділ қоғам құрудағы жастардың рөлі мен мәселелеріне ерекше назар аударды. Оқушылар талқылауға белсенді қатысып, сыбайлас жемқорлық жағдайларын нақты мысалдар арқылы келтіріп, олардың алдын алу шаралары туралы сұрақтар қойды. Инспектор сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру жеке адалдықтан, заңдарды құрметтеуден және сыбайлас жемқорлықтың кез келген көріністеріне төзбеушіліктен басталатынын атап өтті. Кездесу соңында Зайцева Светлана Николаевна оқушыларды саналы азамат болып , күнделікті өмірде әділ , адамгершілігі мол азамат болуға кеңес берді.
- Басты бет
- Жаңалыктар
- Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру
Жаналыктар
03-04-2026 08:43
Іріктеу шахмат турниріндегі жеңіс!
02-04-2026 08:40
Құрметті ата-аналар!
02-04-2026 08:35
«Балалар кітапханасы» жобасын жүзеге асыру
02-04-2026 08:28
Зор қуанышпен лицей қабырғасы Республикалық пәндік олимпиадасының 2 орын иегері 11а сынып оқушысы Жаров Алиханды қарсы алды!
02-04-2026 08:26
27 наурыз бен 1 сәуір 2026 жыл аралығында 9–11 сынып оқушылары арасында Республикалық пәндік олимпиада өтті.
02-04-2026 08:04
Құрметті оқушылар!
01-04-2026 16:35
«Балалар кітапханасы» жобасын іске асыру
01-04-2026 16:30
«Бастау» республикалық олимпиадасының жеңімпазын қарсы аламыз
31-03-2026 09:54
Зияткерлік байқаудың республикалық кезеңінің қорытындысы шығарылды
31-03-2026 08:53
Жеңімпаздарымыз бен жүлдегерлерімізді құттықтаймыз
31-03-2026 08:48
2-4 сынып оқушылары арасындағы «Бастау» республикалық олимпиадасының республикалық кезеңі
31-03-2026 08:44
Астанада 9-11 сынып оқушыларына арналған республикалық пәндік олимпиаданың республикалық кезеңі өтті
30-03-2026 08:39
3-сынып лицеистері демалыс кезінде Ботаникалық саябаққа барды!
20-03-2026 08:29
Ғылыми-әдістемелік кеңестің отырысы өтті
Виртуалды қабылдау



