28 қаңтарда лицейдің 11-сынып оқушылары М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті ұйымдастырған Ашық есік күніне қатысты. Бұл іс-шара болашақ талапкерлер үшін университетпен, оның білім беру бағдарламаларымен және оқу перспективаларымен жақынырақ танысуға тамаша мүмкіндік болды. Оқу орнынның кіреберісінде қонақтарды университет еріктілері мен оқытушылары қарсы алды. Іс-шараның ресми бөлімінде университет проректоры Азамат Айтпайұлы Жикеев сөз сөйледі. Ол СҚО-да оқытудың негізгі артықшылықтарын атап өтіп, мамандарды даярлаудың жоғары деңгейін, заманауи білім беру инфрақұрылымын және студенттердің өзін-өзі жүзеге асыруы үшін кең мүмкіндіктердің бар екендігін атап өтті.
Сонымен қатар ол факультет декандары мен профессорлық-оқытушылық құрамды таныстырды. Оқушылар үшін жоғары курс студенттері мен оқытушылары дайындаған қызықты презентациялар, көрмелер мен шеберлік сыныптары ұйымдастырылды. Факультет өкілдері әртүрлі білім беру бағдарламалары, қабылдау ережелері, қажетті құжаттар тізімі, сондай-ақ бөлінетін гранттар саны (2000) және университет студенттері мен түлектері алдында ашылатын мүмкіндіктер туралы егжей-тегжейлі айтып берді. Жоғары оқу орнының заманауи зертханаларына экскурсия балалардың ерекше қызығушылығын тудырды, онда олар факультет оқытушыларымен тікелей байланысып, ғылыми зерттеулер, инновациялық жобалар туралы қосымша ақпарат алып, өздерін қызықтырған сұрақтарын қоя алды.