ЛОРД лицейінің «Sycroll Arts» құрамасы, атап өтсек Хамидулин Эмиль(10а), Амелин Илья (9а), Егоров Дмитрий (9а), Сутюшев Кириллді (9а), FIRST Robotics робототехника бойынша ғылыми жобалар конкурсының өңірлік кезеңінде иеленген «Motivate Award» марапатымен құттықтаймыз. Биылғы жылы байқаудың басты тақырыбы жаһандық экономикалық проблема - су асты әлемін зерттеу болып табылады. Жарысқа мектеп оқушылары, жаттықтырушылар, мұғалімдер мен еріктілерді қоса алғанда 800-ден астам адам қатысты, оның ішінде елордалық 15 мектептен 103 оқушы болды. Қатысушылар қазіргі заманның өзекті мәселелерін шеше алатын инновациялық Роботтар жасауда бақ сынасты және ғылым, технология, инженерия мен математика саласындағы білімдерін, сондай-ақ командалық рух пен шығармашылықтарын көрсетті.
Балалар өздерінің күш-жігері мен табандылығының арқасында республикалық кезеңге қатысуға жеңілдік жеңіп алды!