11 қаңтар күні Петропавл қаласының Жоғары құрылыс-экономикалық колледжінде кәсіподақ ұйымдарының спартакиадасы өтті. Шараға орта кәсіптік білім беру мекемесінің 6 командасы мен ЛОРД лицейінің құрама командасы қатысты.
Қатысушылар спорттың волейбол, дартс, шахмат, бес асық және асық ату түрлерінен жарысты.
Лицей командасы келесі спорт түрлерінен жоғары нәтиже көрсетті:
• Дартс — 1 орын
• Бес асық — 2 орын
• Шахмат — 3 орын
Жалпы командалық есепте ЛОРД лицейінің командасы тамаша дайындық пен командалық рух танытып, құрметті 3-орынға ие болды. Жеңімпаздарымызды құттықтаймыз!!!