Оқушылардың салауатты өмір салты мен дұрыс тамақтанудың маңыздылығы туралы түсініктерін қалыптастыру, тағамды саналы түрде таңдау дағдыларын дамыту және өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеу мақсатында лицейде «Денсаулық мәдениеті және дұрыс тамақтану» тақырыбында сынып сағаттары өткізілді.
Сынып сағаттарында оқушылар теңгерімді тамақтану принциптерімен, денсаулықты сақтаудағы дәрумендер мен минералдардың рөлімен, сонымен қатар қант, тұз, майлы тағамдарды артық тұтынудың зияны туралы білді.
Дене шынықтырудың маңыздылығына, күнделікті тәртіп және тамақтану мен спортты дұрыс үйлестіруге ерекше назар аударылды. Оқушылар өздерінің әдеттерімен бөлісіп, болашақта дені сау және белсенді болу үшін мақсаттар қойды.