🥳Жұма, 20 желтоқсан күні лицейде қыс және келе жатқан Жаңа жылға арналған кезекті Quizarium интеллектуалдық ойыны өтті. 12 команда, 70-ке жуық адам мереке алдындағы жылы атмосферада 2 сағат бойы түрлі сұрақтар мен жұмбақтардың жауабы мен шешімін іздеді. Жеңімпаздар тізімі:
🥇Новогодняя богиня М. (11А);
🥈Қанағаттандырылмағандықтарыңызданчики (құрама);
🥈FREEбєкарїс (10А);
🥉Ёлки-Иголки (8В);
🥉Хэппи нью э дева в асценденте (11А).
Лицейде Quizarium интеллектуалды ойыны бір жылдан астам уақыт бойы өткізіліп келеді. Ол білім алушылардың әртүрлі командалық дағдыларын дамытуға және дүниетанымдарын кеңейтуге арналған.